Қылмыс

Алматы облысының тұрғыны автобуста 360 мың теңгесін ұрлатып алды

  • https://news.myseldon.com/

    https://news.myseldon.com/

Алматы облысында автобуста тұрғынның 360 мың теңге ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасай ауданының полицейлері автобус ұрысын ізін суытпай ұстады.

 

Қарасай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шамалған станциясының 38 жастағы тұрғыны микроавтобуста белгісіз адам оның барсеткасынан 360 мың теңге ұрлап кеткені туралы арызданған.

 

Азамат ұрыны ұстамақшы болғанда, ол қашып кеткен. Дегенмен, ұрыны суретке түсіріп үлгерген.

 

«Аз уақыт ішінде тергеушілер бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Іргелі кентінің 41 жастағы тұрғынын Алтын Орда базарынан анықтап, ұстады. Оны жәбірленуші де, кондуктор да таныған және басқа да дәлелдермен әшкереленген. Күдікті тонау дерегін толық мойындады», - дейді Қарасай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Абай Тынышбаев.

 

Ұрланған ақшаны қаскүнем өз көлігін жөндетуге жұмсап үлгерген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 03:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31