Қылмыс

Алматы облысының тұрғынынан қарақшылар 10 келі алтын құйманы тартып алған

  • Алматы облысының тұрғынынан қарақшылар 10 келі алтын құйманы тартып алған

    Алматы облысының тұрғынынан қарақшылар 10 келі алтын құйманы тартып алған

Алматы облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қарасай ауданының 49 жастағы тұрғынын тонап кеткен күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, олар жәбірленушіге күш қолданып, 10 кг 700 г болатын алтын құймаларын иемденген.

«Жақында Алматы облысы ПД кезекші бөліміне күш қолданып, алтын құймаларды иемденіп кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты заңды шаралар қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Сауатты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында біз күдіктілерді анықтап, ұстадық. Олар Алматы облысының 26-38 жас аралығындағы тумалары болып шықты», - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Күдіктілер қылмысты толығымен мойындаған.

«Оларға қатысты 192-баптың 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни адамдар тобымен жасалған аса ірі мөлшердегі қарақшылық шабуыл. Барлық күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде қамауға алынды. Барлық қажетті жедел жұмыстар жүргізілуде», - деп толықтырды Данияр Мендебаев.




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сенбі, 07.11.2020, 01:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31