Қылмыс

Алматы олбысында 19 жастағы бойжеткенді жақын танысы зорлаған

  • Көрнекі фото: goodhouse.ru

    Көрнекі фото: goodhouse.ru

Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны отбасымен жақын араласатын азаматтан зорлағанын айтып, шағымданды. Бойжеткеннің сөзінше, 35 жастағы азамат үйге жеткізіп тастауды ұсынып, оның орнына айдалаға апарып зорлаған деп хабарлайды kaz.nur.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

 

19 жастағы Айжанның айтуынша, сол күні оны әдеттегідей 35 жастағы ер адам көлікпен алып кеткен. Бір уақытта ол қоқыс төгетінін айтып, күтпеген жерден бағытын өзгертіп жіберген. Осылайша, бойжеткенді айдалаға әкеліп, зорлық әрекеттерін жасаған.

 

Жәбірленушінің сөзінше, сәлден кейін азамат жуынуға кеткен. Осы уақытта ол шөптің арасында тығылып үлгерген.

 

Көп ұзамай қызы туыстары адам шошырлық күйде тауып алған. Оқиға Алматы облысы Іле ауданында болған.

 

"Оның есімі Бекжан. Біздің жанұямыз оны жақсы таниды. Бастапқыда онымен менің ұлым танысты. Ол ұлымды жұмысқа апарып, алып келіп жүрді. Кейіннен менің қызымды таситын болды. Біз оны осындай әрекетке барады деп ойламадық.

Мен күн сайын кешке қызыма хабарласатынмын. Жұмыстан шықтың ба, қашан келесің деп сұрайтынмын. Сол күні хабарласа алмадым. Ол болған жайтты ағасына айтыпты. Біз оқиға орнына келіп, көкала қойдай болған қызымызды жылап жатқан жерінен тауып алдық", - дейді жәбірленушінің әкесі Мұхтар.

 

Болған жайттан соң бойжеткен полицияға шағымданған. Бірақ, оның жақындары тергеу ұзаққа созылып кете ме деп қорқады. Олар күдіктің ағасы құқыққорғау органдарында жұмыс істейтінін, ол үйге келіп, 1 млн теңге ұсынғанын айтып отыр.

 

"Міне, мен несие алдым. Саған 1 млн теңге беремін. Ал органдарда өзіміз шешеміз" деп ақша ұсынды. Әкесі "мен қызымды сатпаймын" деді. Барлық туысы, әжелері келді. Кешірім сұрап, жалынды. Оның да (Бекжан- ред) шаңырағы шайқалып жатқанын, әйелі ажырасуға өтініш бергенін айтты", - дейді жәбірленушінің туысы Айгүл.

 

Бүгінде жәбірленуші шағым түсірген азамат бостандықта жүр. Алматы облысы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, іс қатаң бақылауда екенін хабарлады.

 

Ведомствоның мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалған. Өз кезегінде, жәбірленушінің туыстары қылмыс куәгерлерін өздері іздей бастағн. Олар азаматты қатаң жазаға тартуды көздеп отыр.

 

 

 




Көрілген: 2197    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 18:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30