Қылмыс

Алматы полиция басшысы блокбекеттегі қайғылы оқиғаға пікір білдірді

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов блокбекетте полицейлерді қағып кеткен BMW жүргізушісі полицияда қазір жұмыс істей ме, жоқ па маңызды емес екенін айтты, - деп хабарлайды Sputniknews.kz.

 

Еске салайық, блокбекетте болған апаттан екі полицей қаза тапқан еді, үшінші полицей қазір ауруханада жатыр.

 

Қанат Таймерденовтің айутынша, осы жағдай бойынша тергеу қорытындысын күту керек. Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

"Болған оқиға жайлы көп нәрсе айтылып, көп нәрсе жазылды. Иә, таяуда жұмыстан кеткен қызметкер жол апатына ұшырады. Алматы облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады. Төтенше жағдайдың қай өңірде болғанын анықтау мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

"Көлікте осы күнге дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеген немесе жұмыстан шығарылған адам отырды ма - дәл осы жағдайда оның маңызы жоқ. Ол көлікке мас күйде отырды, барлығын біліп тұрды. Қылмыс жасады, сол үшін жауап береді. Бұл ең бастысы. Сондықтан мен әлеуметтік желілерде мәлімдемелер жасап, қауесет таратпауды және тергеудің ресми қорытындысын күтуді сұраймын", - деді Таймерденов.

 

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31