Қылмыс

Алматы полициясы қылмыстық топты қолға түсірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы полициясы қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы аумағында қаруды заңсыз сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын топ анықталды.


«Соған орай жүргізілген арнайы операция барысында 4 адамнан тапанша, граната, пышақ тәркіленді. 32-35 жас аралығындағы күдіктілер бұрын да қыз зорлап, алаяқтық, жалған құжат жасап, адам өлтіріп, қарақшылық тонау жасағаны үшін істі болған екен. Бұл азаматтарға қатысты тергеу соты тінту туралы санкция шығарды. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан «РГД-5», тапанша, 4 оқ пен пышақ тәркіленді. Тәркіленген заттар бойынша баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалды», - деді полициядан.


Қазір күдіктілер уақытша оқшаулау орнында отыр. Полиция олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Алматы қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.


 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.07.2019, 14:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31