Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматы полициясы түнгі жарыс құмарларды іздеуде

08 ақпан 2021, 10:10

Алматы полициясы түнгі жарыс құмарларды іздеуде, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусымдық мәселе жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді және автокөлік жолдарының бойында орналасқан үйлердің тұрғындарына қолайсыздық туғызады.

&ndash Жылы мезгілдер әсіресе осал, алайда қыста &ldquoкөлікті қатты айдағанды&rdquo ұнататындар да бар. Жылы күндер мезгілсіз келгенін ескерсек, жарыс, қозғалтқыштың гүрілдеуі, тежегіштің шырылдауы, дрифт сияқты құбылыстар жиі орын алды. Осыған байланысты шаһарда мақсатты іс-шара жұмыстары мен рейдтер жүргізілетіндігі жарияланды. Шындығында &ndash бұл өзекті мәселе, мен жол бойындағы үйлердің тұрғындарына, кішкентай балалары бар отбасыларға және қарт ата-аналарға қаншалықты ауыр екенін білемін. Былтыр күзде патрульдік жасақтарды күшейту және сол жерге бірнеше бейнебақылау камераларын орнату арқылы жылдам жүруді ұнататындардың жиналатын орындарының бірі жойылды. Жауапкершіліктен қашудың кез-келген әрекеті, мысалы, камера обьективіне түсіп қалмас үшін, мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізу, нәтижесіз аяқталды. Патрульдік полиция инспекторлары айыппұл салып, гүрілдеген қозғалтқыштары бар көліктерді айыппұл тұрағына орналастырды, &ndash деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Шаһар полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін және жазаның бұлтартпас қағидатын қатаң сақтау керектігін тағы бір рет еске салды. Бөлімшенің хабарлауынша, рейдтер қосымша хабарланғанға дейін ұзартылады.