Қылмыс

Алматы тұрғынынан 1,3 кг синтетикалық есірткі тәркіленді

  • Алматы тұрғынынан 1,3 кг синтетикалық есірткі тәркіленді

    Алматы тұрғынынан 1,3 кг синтетикалық есірткі тәркіленді

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен ҚР аумағында Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілердің ірі партияларын өткізуге қатысы бар трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін ашып, жолын кесті, деп хабарлайды baq.kz.

«2021 жылғы 24 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кешенін іске асыру процесінде қылмыстық иерархияда халықаралық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірі ретінде әрекет ететін, «мефедрон» есірткі құралының көтерме партияларын өткізумен айналысатын Алматы қаласының тұрғыны ұсталды» - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 1.3 кг синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Қылмыстық тауар ҚР-да жұмыс істейтін ірі Интернет-дүкендердің бірі арқылы жасырын қойылмаларды жүзеге асыра отырып, қатынассыз тәсілмен сатылғаны анықталды.

 

Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Соңғы уақытта Алматы қаласы «қара нарығында» есірткі құралдарының ірі партияларын қолдан жасау мен жеткізудің тоқтаусыз өсуі байқалып отырғанын атап өту керек.




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.06.2021, 19:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31