Қылмыс

Алматыда 10 адам өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • Алматыда 10 адам өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    Алматыда 10 адам өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, «а, ж,с» тармақтарымен  (пайдакүнемдік ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, екі немесе одан көп адамды өлтіру) (1997 ж. редакция) және 385-баптың 3-бөлігімен сотқа берілген С.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды.

Соттың 15.07.2013 жылғы үкімімен бұрын 8 адамды өлтіргені үшін С.-ты соттап, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

С. жазасын «Қара бүркіт» қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеген уақытта, С.-тың тағы екі жазықсыз әйелді өлтіруге қатысуы келесі жағдайларда анықталды.

2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ға олардың пәтерлерін иемдену мақсатында сенім білдірді.  2001 жылдың қазан айында ол өзіне және Б.-ға сенім артқан азаматтарды жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген.  Кейіннен, С. және басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқалы пәтерлерді сатқан.

Алқабилердің шешімімен бірауыздан С.-ты Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, «а, ж, з» тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған қайтадан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31