Қылмыс

Алматыда 19 жастағы қызды өлтіріп, денесін бөлшектеген маньяк па?

  • https://kaztag.kz/

    https://kaztag.kz/

Алматы қаласының полиция департаменті Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті туралы мәліметтерді айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың сөзінше, 1993 жылы туған күдікті Н. Алатау ауданы Нұркент шағын ауданында тұрған.

 

Ол Түркістан облысының тумасы.

 

Қазір күдікті ауруханада жатыр. Өйткені ұстау кезінде ол өз өзін өлтірмек болып, мойнына пышақ жарақатын салған.

 

"Оған ота жасалды, қазір палатаға ауыстырылып, жанына күзет қойылды. Ол қамауда, сауыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Күдікті өз кінәсін мойындады", - дейді Әбдірахманов.

 

Әбдірахмановтың хабарлауынша, марқұм қыз күдіктімен 16 наурыз күні әлеуметтік желіде танысқан.

 

Полицияның дерегінше, күдікті мен марқұм арасында жанжал тауындап, салдарынан ер адам қызды өлтіріп тастаған. Қылмысын жасырғысы келген күдікті қыздың денесін бөлшектеген.

 

Қазіргі уақытта қылмыстың не себепті жасалғаны анықталуда. Барлық болжамдар мен нұсқалар тексеріледі.

 

Сонымен бірге, жедел топ құрылған прокуратура да тексеретін болады.

 

Күдікті маньяк па деген сауалға жауап берген арнайы прокурор Қанат Күнғожинов мұның тергеу барысында анықталатынын хабарлады.

 

Сондай-ақ, қылмыста каннибализм элементтерінің бар-жоғы анықталған жоқ.

 

Одан бөлек, күдіктінің өлтірілген қызбен жыныстық қатынасқа түскен-түспегені анықталуда.

 

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың туыстары марқұмның өліміне қатысты деректерді айтқан еді.

 

 

 




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 19:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31