Қылмыс

Алматыда 1991 жылғы азамат жасырын казино ұйымдастырып, 30 млн теңге пайда тапқан

  • Алматыда 1991 жылғы азамат жасырын казино ұйымдастырып, 30 млн теңге пайда тапқан

    Алматыда 1991 жылғы азамат жасырын казино ұйымдастырып, 30 млн теңге пайда тапқан

Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені белгілі болды.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 1991 жылы туған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Заңсыз ойынхананы қызметкерлер жедел-тергеу шарасы барысында кала шетінен анықтады. Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені белгілі болды.

Ол аса ірі көлемде, 29,6 миллион теңгеден астам сомада табыс әкелген астыртын бизнес – электронды казино жұмысын жүргізіп келген. Үй-жайды тексеру барысында департамент қызметкерлері 7 ойын терминалын, тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, атап айтқанда, ставка қабылдауға, ұтысты есептеу мен беруге қолдау көрсететін онлайн ойынның 39 компьютерлік техника қосымшаларын тәркіледі.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлімі, 2-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

sn.kz




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сенбі, 18.07.2020, 00:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30