Қылмыс

Алматыда 4 жасар баласын таспен ұрып, көшеде қалдырған әкеге сот үкімі шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда төрт жарым жастағы ұлын ұрып талдырды деген күдікпен ұсталған әке Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен («Дәрменсіз адамды өлтіруге оқталғаны үшін») және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен айыпты деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Жазасын өтеу мерзімі 2018 жылдың 2 тамызынан, яғни ұсталған уақыттан бастап есептелді.


Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшелерінің қиылысында болды. Тұрғындар тал түбінен төрт жарым жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.


Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады. Мұрат Асқароғлы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған.


Судья бұл істі тоқтатып, қайта тергеуге жіберген болатын. Биыл сәуірде іс қайта жалғасты.


 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 16:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30