Қылмыс

Алматыда 45 жастағы әйел дерттен айықпайтынын айтқан емшіні қызын қоса өлтіріп тастады

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Жеке үйдің ауласынан екі қанды әйелдің денесі табылды. Әйел адам туысы мен оның қызын пышақтап өлтірген. Қылмысқа қатысты 45 жастағы әйел ұсталды.


Жергілікті тұрғындар жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін пышақ жарақатын алған әйелдерді құтқару мүмкін болмады. Сондай-ақ қылмыс болған жерден адам өлтіретін қару табылған.


"Оқиға орнына сот-медициналық және тергеушілер келді. Күдікті өлтірушіні іздеу басталды. Марқұмдардың денесінде сарапшылар бірнеше пышақ жарақатын санады. Жұмыс тобы құрылып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сағат ішінде 45 жастағы әйел ұсталды", - деді тергеуші Дамир Мырқасымов.


Марқұмдар бір отбасынан екені белгілі. Анасы 67, қызы 44 жаста. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі емшілік жоралғылармен айналысқан. Емделу үшін оған бүкіл ауыл адамдары барған. Кісі өліміне күдікті де дәл осындай мақсатта келді. Ол қайтыс болған адамның туысы болды. Әйел жиі бас ауруына шағымданады.


"Мен оларға келдім, ол мені қарады. Ол маған емделуге болмайтынын, менің басымда проблемалар бар екенін және психикам бұзылғанын айтты. Сен ешқашан адам болмайсың деді. Маған бұл ұнамады, мен сол кезде маған не болғанын білмеймін. Мен өзіме және әрекеттеріме есеп бере алмадым", - дейді күдікті.


Мұның бәрі сиқырлы рәсімнен кейін басталды дейді полиция. Ұсталған адамның өзі не болғанын айтып бере алмайды. Ол тек асүй пышағын алғанын есіне алады. Күдікті оқиғадан кейін ауылдың шетіне қарай қашқан.


"Әйелмен сөйлесу өте қиын, көптеген сұрақтар бойынша ол нақты жауап бере алмайды және өлтірудің нақты себебін атай алмайды. Бірақ ол бұл қылмысын мойындады. Ол туыстарын өлтіргісі келмегенін айтады", - деді тергеуші.


Күдікті психикасының бұзылуынан зардап шегетіні белгілі. Тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Екі адам өлтіру бойынша тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.


ktk.kz.





Көрілген: 1412    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 09:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31