Қылмыс

Алматыда Lexus 570 автокөлігін ұрлап кеткен ұрылар тобы ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматыда ұрылар тобы арнайы дайындықпен Lexus 570 автокөлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Оның құрамына 1955, 1970 және 1982 жылдары туылған үш адам кіреді. Олардың екеуі – Алматы облысының тұрғындары, тағы бір қатысушы – алматылық.

 

 – Ағымдағы жылдың 13 мамырында күдіктілер Медеу аудандық аумағынан Lexus 570 автокөлігін ұрлап кеткен. Осы кезде қаскөйлер техникалық құрылғыларды қолданды, олардың көмегімен көліктің пультіндегі сигналды оқып, байқатпай есігін ашты және ұрлап үлгерді. Күдіктілер өз құрбандарын бірнеше күн бойы бақылап отырғаны, оның қала бойында жүрген бағдарын зерттегені қазірдің өзінде анықталды. Жол талғамайтын көлік иесі кафеде кездесуде болған кезде, бөтеннің мүлкіне қол сұғушылық жасалды. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Біраз уақыттан кейін қаскөйлер ұрланған көлікті жасырған үй анықталды. Бұл – Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылында жалға берілген тұрғын үй, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Тәймерденов.

 

Полицейлер бұл арнайы іс-шараны арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді.

 

Аталған үйдің аумағында рұқсат етілген тексеру барысында ұрланған жол талғамайтын көлік, осы көліктің салонынан алынған ақшаның бір бөлігі, сондай-ақ күдіктілер қылмысқа қолданған техникалық құрылғылар және жасанды шаш пен мұрттар тәркіленді.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 19:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31