Қылмыс

Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қаққан екінші күдікті ұсталды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қағып, жасырынып жүрген екінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Бірнеше сағат бұрын, Алматы қаласының Қылмыстық полиция басқармасы Бостандық ауданында 2019 жылы 26 тамызда адамдарды көлігімен қасақана қақты деген күдікке ілінген 1999 жылғы А-ны ұстады.


«Күдікті А. Алматы облысының аумағында полициядан жасырынып жүрген. Күдікті ПД тергеу бөліміне жеткізілді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.


Естеріңізге салайық, оқиға 26 тамыз күні, тағы сағат 4-тер шамасында болған. Әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы жарияланды.


Кейін Алматы полициясы көлікпен адамдарды қасақана қағу оқиғасына қатысты толық ақпаратты жариялады. Сол күні, дәрігерлер көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты. Тәртіп сақшылары адамдарды қаққан көліктерді тауып, арнайы автотұраққа жеткізді. Күдіктілер ағайындылар екені анықталды.


Анасы балаларының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты. Кейін, желіде куәгерлер түсірген тағы бір видео пайда болды.



 




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 18:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31