Қылмыс

Алматыда анасын пышақтап өлтірген бозбала түрмеден құтылды

  • https://ural.aif.ru/

    https://ural.aif.ru/

Кәмелеттік жасқа толмаған алматылыққа анасын өлтіргені үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға бұйрық берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Іс құжаттарына сәйкес, 8 қаңтарда 15 жасар жасөспірім үйінде микротолқынды пешті пайдаланып қағаздарды өртеп жіберген.

 

“Өртті байқаған ана оған ескерту айтып, жалынды сөндіреді. Сол сәтте жігіт асхана пышағын алып, оның мойны мен кеудесіне бірнеше рет пышақ салған. Әйел оқиға орнында қайтыс болды”, - делінген Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

 

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасөспірім қылмыс жасау кезеңінде психикалық бұзылуларға байланысты (параноидты шизофрения) өзінің әрекетінің қауіптілігін сезіне алмайтынын анықтады.

 

Кәмелетке толмаған жігіт сот үкімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды (психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емделу).

 

 

 

 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31