Қылмыс

Алматыда арнайы жасақ операция өткізді

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау операциясы өтті. Оларды Шымкент пен Нұр-Сұлтанны полициясы да іздеген, деп хабарлады Polisia.kz.

 

Үш күдіктіні құрықтауға арнайы жасақ сарбаздары тартылды. Құқық қорғаушылар оларды сырттан бақылап жүріп, кезекті қылмысқа барғанда үстінен түскен.

 

"Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оны сатып үлгермеген", - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

 

Бүгінде олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр.

 

"Сонымен қатар біздің ақпаратымыз бойынша, күдіктілерді Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеген", - деп атап өтті Әбілбеков.

 

Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары. Үлкені &ndash 34  жаста. Ал ең кішісі 22-ге келген. Күдіктілердің екеуі бұрын осы іспетті қылмыстар үшін сотталған.

 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188 бабы, 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 5-10 жылға сотталуы мүмкін. Олардың мүлкі тәркіленеді.

 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31