Қылмыс

Алматыда атышулы жол апатына қатысушылар сотталды (видео)

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматыда атышулы жол апатына қатысушылар сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы 2020 жылы 17 қыркүйекте таңғы сағат 08.00 шамасында Алматы қаласы Әуезов ауданында болған.

 

– Анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жүргізуші С.Сатқынбай, “Daewoo Matiz” автокөлігін Алтынсарин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта басқарып келе жатып, Абай даңғылымен қиылыста ҚР ЖҚЕ-нің 5.2.5 тармағын бұза отырып, тыйым салынған бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, қиылысқа шығып кетті және сол жерде, жүргізуші Е.В.Ивченконың басқаруындағы “JAC S3” автокөлігімен соқтығысты. Е.В.Ивченко, өз кезегінде, Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, ҚР ЖҚЕ-нің 5.2.3 тармағын бұза отырып, бағдаршамның тыйым салынған сары түсіне өтіп кеткен. Соқтығысу нәтижесінде Е.В.Ивченко басқарған көлік инерциямен қозғалып, қиылыстың бұрышында тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Осы оқиғаның салдарынан жаяу адам ауыр дене жарақаттарын алды, – деді, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

 

Спикердің айтуынша, бұл факт бойынша тергеу аяқталды.

 

Әуезов аудандық сотының үкімімен екі жүргізуші де ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысы бір жылға бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға сотталды.

 

 

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 12:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30