Алматыда әйел кішкентай қызымен бірге балалар арбасын ұрлаумен айналысқан

29 шілде 2022, 09:36

Алматыда әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберісінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлап жүрген.

«Сонымен қатар, әйел бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ кішкентай қызынан ұялмастан, бірнеше рет қылмыс жасаған. Қазір А. есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мүмкін эпизодтардың тізімі мұнымен бітпеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.