Алматыда әйелдерді тонаумен айналысқан қарақшы ұсталды

19 тамыз 2023, 19:42

Алматыда әйелдерге шабуыл жасап, алқа ұрлауды кәсіп еткен азамат қолға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тек әйелдерге шабуыл жасап, мойындарындағы алқаны ұрлауды қолжетімді табыс түріне айналдырған 42 жастағы ер адам қолға түсті.

 

1981 жылы туған К.есімді азаматқа қатысты 9 тонау дерегі бойынша айып тағылып отыр.

 

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігімен (Тонау) квалификацияланады.

 

– Эпизодтардың бірінде Жетісу-3 ықшамауданында күдікті белгісіз қыздың соңынан еріп, оған шабуыл жасап, алтын алқаны иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші материалдық шығынды 250 мың теңгеге бағалаған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

 

ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz