Алматыда банктің стажер-кеңесшісі клиенттердің шотынан ақша шешіп алған

12 наурыз 2022, 23:57

Алматы Полиция департаменті қаладағы банктердің бірінде стажер-кеңесші болып жұмыс істеген қыздың клиенттердің шотынан ақша шешіп алғанын хабарлады.

Алаяқтық әрекеттерді жасағаны үшін 22 жастағы И.есімді қыз ұсталған. Ол екінші деңгейлі банктердің бірінің клиенттерін сан соқтырыпты.

Оның бастапқыда қылмыстық ниетпен банкке стажер болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол кеңесші болды. Оның функционалдық міндеттеріне клиенттерге смартфондарына мобильді қосымшаны орнатуға және олардың банк карталарын ресурсқа қосуға көмектесу кіреді. Кейбір жағдайларда қаскүнем клиенттің камерасы бейне тексеруді қолдамайтынын алға тартып, оларға өз смартфоны арқылы жеке кабинеттер ашқан. Бұл И.есімді азаматшаға орнату кезінде пайдаланушылардың жеке деректерін скриншоттауға мүмкіндік берді. Содан кейін ол клиенттердің жеке деректері мен құпия сөзін пайдаланып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақшаны шешіп алған. Көбінесе ақшаны үшінші адамдардың картасына аударған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабында (Алаяқтық) көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оның жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілуде.


 
BAQ.KZ