Қылмыс

Алматыда бір топ адамды қуып жүріп, көлікпен қаққан ағайындылар ісі

  • Кадрлар КТК арнасының сюжетінен

    Кадрлар КТК арнасының сюжетінен

Оңтүстік астанада шулы іске қатысты сот процесі басталды: былтырғы жаздың аяғында бір топ адамды қағып кеткен ағайындылардың ісі қаралуда. Сот куәгерлердің жауабын тыңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметі бойынша, 20 және 24 жастағы екі ағайынды бұзақылық және кісі өлтіруге әрекеттену бойынша айыпталуда.

Сот процесі кезінде, жанжалға қыздың себепкер болғаны анықталды.

Куәгерлердің бірі қыздың үйсіз адамға тамақ алып бергенін жеткізді. Сол маңда түрған ер адамдар оның әрекетін мазақ ретінде бағалап, екі топ сөзге келіп қалған. Ақыры, даудың соңы жаппай төбелеске ұласқан.

Телеарна тілшісі куәгердің жауап беру кезінде жаңылысқанын атап өтті. Алайда, ол айыпталушылардың бірінің екінші тараптың өкілдерін тынышталдыруға, жанжалды басуға тырысқанын жеткізген.

Ал оқиғаның соңы неліктен адам қағумен аяқталғанын куәгер сол күйі түсіндіріп бере алмады.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде адамдарды көлікпен әдейі қаққан көліктің видеосы тараған болатын.

Кейіннен адамдарды аяусыз соққан көліктерді туған ағайындылар жүргізгені анықталды.

Күдіктілердің анасы балаларын ақтап, халыққа үндеу жасады. 




Көрілген: 1001    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31