Алматыда бір топ тонаушы ұсталды

10 қаңтар 2022, 17:56

Алматыдағы Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінен тонаушылар тобы ұсталды. Олардың алтауы Жамбыл облысының, тағы екеуі Талдықорған қаласының тұрғыны. Үлкенінің жасы 25-те, кішісі 19-да.

 

Күдіктілер жалдап тұрған пәтерде қала дүкендерінен ұрланған тұрмыстық, цифрлық және әскери құралдар табылды.

 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Тонаушылардың шаһардағы тәртіпсіздіктер мен тонауға белсенді қатысқаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады.

 

 

 

24.kz