Қылмыс

Алматыда бірнеше адамды көлікпен қуып жүріп қаққан ағайындыларға сот үкімі шықты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Былтыр Алматыда Гагарин даңғылында бірнеше адамды аяусыздықпен қағып кеткендер 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

 

Соттың үкімімен, Жандос пен Дінмұхамед Әлікеев "Бұзақылық және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша айыпты деп танылды.

 

"Жандос Әлікеев айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін.

 

Дінмұхамед Әлікеев айыпты деп танылып, 11 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін.", - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы..

 

Оқиға былтыр 26 тамызда таңғы 5-те Гагарин даңғылында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған роликтен ақ түсті Toyota Camry көлігінің ер адамдардың бірін қағып кете жаздағаны көрінеді. Кейін қара түсті Toyota Avensis үш ер адамды қасақана қағады. Зардап шеккендер: Сергей Хан, Еркен Сәрсенбаев және Станислав Алиев. Олар түрлі жарақат алған.

 

Полиция мәліметінше, олардың ерегесіне екі топтың арасында шыққан жанжал себеп болған.

 




Көрілген: 188    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31