Қылмыс

Алматыда діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

  • Алматыда діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

    Алматыда діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Алматы қаласының полиция департаменті "Иегова куәгерлерінің"* үстінен арыз-шағымдардың түсуіне байланысты тексеріс өткізді. Сот тиісті санкциясын берді.


Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде "Иегова куәгерлері"* діни ұйымының мүшелерінің үйі мен қызметтік кеңселерінде тінту жасалған. Бұған сотқа дейінгі тергеу материалдары себеп болған. ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағында ("он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді бірнеше рет жасау") көрсетілген құқық бұзушылық анықталды.


Тағы оқыңыз: Ақтөбе лагерінде шу шықты: жеті баланың ата-анасы полицияға арыз берген


Бұл бап бойынша өмір бойына белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы мен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Алматының полиция департаментінде 16 жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың жасалуы тексеріліп жатқанын хабарлады.


Бұл іске қатысы барлардың аты-жөні жарияланбайды.


"Иегова куәгерлері"* - Ресей аумағында тыйым салынған ұйым. 


sputniknews.kz




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

жұма, 11.10.2019, 13:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30