Алматыда екі жігіт интим қызметтерін ұсынатын әйелдерді тонаған

22 желтоқсан 2021, 18:01

Алмалы аудандық полиция басқармасы жәбірленушілердің бірі полицияға түнгі уақытта хабарласқан, деп жазады Stan.kz. 

"Оның айтуынша, екі белгісіз адам жалға алынған пәтерге келіп, оны ұрып-соғып, 100 мың теңгесін, телефонын алып кеткен. Қаскүнемдер жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдырып, қашып кеткен. Айыпталушылардың үйге тонау үшін мақсатты түрде барғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

2000 жылы және 2001 жылғы азаматтар ұсталды. Екеуі де жұмыссыз. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, өйткені тергеу іс-әрекеттері барысында күдіктілерден ұялы телефон тәркіленді, олар оны тек "жұмыс" кезінде пайдаланған. Онда жыныстық қызмет көрсететін бірнеше әйелдің нөмірі болған", – деп нақтылады Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

sn.kz