Қылмыс

Алматыда екі қыз тұрғындардың атына несие алдырып, оны жауып береміз деп уәде еткен

  • Алматыда екі қыз тұрғындардың атына несие алдырып, оны жауып береміз деп уәде еткен

    Алматыда екі қыз тұрғындардың атына несие алдырып, оны жауып береміз деп уәде еткен

Алматыда полиция несие беру саласында алаяқтық жасады деген күдікпен екі азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күдіктілер, 19 және 30 жаста, интернеттегі платформаларда өз қызметтерін тұтынушылық және тауарлық несие алуға көмек ретінде ұсынатын жарнамалар жариялаған.

 
Клиенттерге қыздар несие рәсімделген соң  ақпарат тіркелмейді, қарыз өзінен-өзі жоғалып кетеді деп айтқан. 

Содан кейін 1 миллион теңге сомасында несие рәсімдеп, оның 100 мыңын жәбірленушілерге берген, қалғанын өздеріне қалдырып отырған.

Тергеу аясында олардың алаяқтықтың сегіз фактісіне қатысы бар екендігі анықталды.

“Аталған факті ҚР ҚК 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық-алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Жетісу аудандық ПБ тергеушілеріне тапсырылды”, – деді Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 08:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 21:48
    Бес кеденші сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31