Қылмыс

Алматыда екі полицейді пышақтап кетті

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Төрт алматылықты ұстау кезінде екі полицей пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қаскөйлер ізіне түскен Наурызбай аудандық криминалдық полиция бөлімінің із кесушілерінің бірін сол иығынан жарақаттаса, екіншісінің кеудесіне, одан соң балтырына пышақ сұққан.


"Жарақат алған тәртіп сақшылары №7 қалалық клиникалық ауруханаға бірден жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі кезде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы бірқалыпты", - дейді полициядағылар.


Полицейлерге қарсылық танытқан төртеудің бірі "Дэу Нексиа" көлігін жалға беруші. Оған "қоқан-лоқы көрсетті, ақша бопсалады" деген айып тағылуда.


9 сәуірде Наурызбай аудандық полиция басқармасына "Дэу Нексиа" көлігін жалға алушы азамат шағым түсірген. Оның айтуынша, ол жалға алған көліктің соңғы екі күнгі төлемін кешіктірген. Осы кезде көлік қожайыны қасына бір жігітті ертіп келіп, оны сыртқа шығарып алып сабап, екі ұялы телефонын тартып алады. Сөйтіп қарыз болған 14 мың теңгенің орнына 40 мың теңге әкелуді талап етеді. Бұл іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.


Осы істі зерттеуді қолға алған полиция қызметкерлері ақша бопсалаушыларды алдап кездесуге шақырады. Кездесуге 4 жігіт келеді. Осы кезде олар қарсылық көрсетіп, полицейлерді пышақтап қашады.


"Бұл қылмыстық істі ашу үшін қалада "Ұстау" жоспары жарияланды. Арнайы тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде олардың екеуі ұсталып, екеуі әлі іздестіріліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-тармағы бойынша, яғни "Құқық қорғау органы қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіру" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды", - дейді полициядағылар.


 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 13:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30