Қылмыс

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап, бала күтушісін ұрып-соққан

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кеткен. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бұл туралы отбасындағы зорлықпен күресетін SVET қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

SVET қорының мәліметінше, бұл оқиға 28 мамырда Бостандық ауданында болған. Әйел бұрынғы күйеуінен қашып жүрген екен. Алайда ол күндердің бір күнінде олардың баласының күтушісін аңдып келген. Үйге кіріп, бала күтуші әйелді ұрып-соғып, бұрынғы әйеліне шабуылдаған.

 

"Оны жатын бөлмеге қамап, қорқытып, ұрып-соғып, үш рет пышақ салып, бірнеше дене жарақатын жасаған. Абырой болғанда, аман қалды. Кейін бала күтуші мен көршілері полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Полиция ер адамды ұстаған", - дейді дереккөз.

 

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қазір қызға қысым көрсетіліп жатыр. Оны арызды қайтарып алуға мәжбүрлеп жатыр екен. SVET өкілдерінің сөзіне сенсек, олар үш жыл бұрын ажырасқан және ажырасуларына осындай зомбылық пен психологиялық қысым себеп болған.

 

Алматы полициясы департаменті бұл оқиғаның Бостандық ауданында болғанын растады.

 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қажет сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полицейлер.
 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31