Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда ер адам фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген

26 желтоқсан 2022, 13:36

Алматыда ер адам фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай іскерлікті 32 жастағы Ю.есімді азамат жүзеге асырған. Ол – басқа жақтан келген. Алматыда жалдамалы пәтерде тұрады, тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып тұрған.

– Ол тек фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген. Жаттығу залдарына клиенттің атын жамылып келіп, жалған жеке деректер бойынша бір реттік жаттығуға жазылып, жаттығу залында жарты сағаттан артық болмай, кейін киім ауыстыратын бөлмеге қарай кеткен. Ол жерде келушілердің жеке заттарынан сөренің кілтін тауып алып, оларды ашып, өзімен бірге бөтеннің ақшасын, телефондары мен зергерлік бұйымдарын алып кеткен. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде қаскөйдің осыған ұқсас 10 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Біз басқа да ықтимал эпизодтарды жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар ол Ю.есімді азаматтың бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтты.