Қылмыс

Алматыда ер адам жалақысын алуға барған үш баланың анасын зорламақ болды

  • http://mentalhelpguide.ru/

    http://mentalhelpguide.ru/

Алматыда ер адам үш баланың анасын аяусыз ұрып-соғып, зорламақ болды. Бұл туралы фейсбукте "Немолчиkz" қоғамдық қорының өкілдері жазды.

Оқиға 29 желтоқсан күні кешке болған. Үш баланың анасы үйді ақтау, сырлау секілді жөндеу жұмыстарымен айналысады екен. Жаңа жыл қарсаңында оған жұмысынан қоңырау шалып, жалақысын алып кетуге шақырған.

Жұмысшылардың бірі мас болған. Ол әйелге тиісіп, қол жүгірте бастаған. Ер адамның бауыры да қасында болыпты. Әйелге араша түсудің орнына бөлмеден шығып, есікті жауып қойған.

"Әйел айғайлап, көмекке шақыра бастайды. Осы үшін соққыға жығылды. Десе де туған-туыстарына хабарласып үлгерген. Олар полиция шақырды. Полиция оқиға орнына 16 минут ішінде келді. Алайда жәбірленушінің денесінің сау-тамтығы қалмаған. Күдікті үстіндегі киімін де шешіп үлгерген", - деп жазды "Немолчиkz".

Қоғамдық қордың өкілдері бұл оқиға жайлы Алматының полиция департаментіне хабарлағанын жазды. Полиция істі бақылауға алған.

sputnik 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 15:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29