Қылмыс

Алматыда ер адам қызға қарақшылық шабуыл жасады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда ер адамның көшеде қызға шабуыл жасап, тонаған сәті видеоға түсіп қалды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Белгісіз ер адамның әрекеті түсірілеген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан ер адамның көшеде келе жатқан қыздың қолына жармасып, затын тартып алғаны көрінеді.

 

 

Қыз қорғануға тырысады. Бірақ қылмыскер күшпен жұлқып, қызды құлатады да қолындағы затын алып, қашып кетеді.

 

"Бүгін таңертең сағат 9.31-де Айвазовский көшесінде жеке сектор аумағында тонау болды", - делінген жазба сипаттамасында.

 

Полиция бұл деректі ҚР ҚК-ның 191-бабы "Тонау" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімімен тергеліп жатқанын айтты.

 

"Қылмыс бүгін таңертең жеке сектор аумағында болды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

 

 




Көрілген: 2121    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 17:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31