Алматыда ер адам өз баласын тұншықтырып өлтірді

24 қазан 2019, 21:34

Алматыда ер адам өз баласын тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 24 қазан күні таңертең InterContinental қонақүйінде болған. Фойеде бір әйел жылап отырған. Ол - көз жұмған баланың анасы әрі ер адамның әйелі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу мүддесі тұрғысында басқа ақпарат жария етілмеді.