Алматыда ер адам танысын зорламақ болған

29 мамыр 2022, 10:24

Алматыда танысын зорламақ болған 48 жастағы ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахмановтың айтуынша, Т. есімді азамат танысын жөндеу жұмыстарын көрсетемін деген сылтаумен үйіне шақырып, оны зорламақ болған.

 

«Әйелдің қарсылық танытқанының арқасында Т. есімді азамат өз қалағанына қол жеткізе алмады, әйел бірден полицияға жүгінгендіктен күдіктіні тез арада ұстауға мүмкіндік туды. Артынша ол қамауға алынып, тергеу изоляторына ауыстырылды. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау үшін сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің айтқандарымен және күдікті Т. есімді азаматтың кінәсін мойындауымен бірге, 24-баптың 3 бөлігі, 120-баптың 1 бөлігі - зорлауға әрекеттену бойынша айыптауға мүмкіндік берді», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

 

Алатау аудандық полиция басқармасының тергеушісі жинаған дәлелдемелерді сот Т. есімді азаматқа қатысты үкім шығару үшін жеткілікті деп таныды.

 

«Алатау аудандық сотының үкімімен қылмыскер қылмыстық-түзету жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - дейді полиция өкілі.