Қылмыс

Алматыда ер адам зейнеткерді пышақтап өлтіріп, 9 жасар немересін ауыр жаралады

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Алматы облысының Талғар ауданында 53 жастағы жергілікті тұрғын өз ауылдасын пышақтап өлтірді. Көмекке келген кішкентай баланы да ол пышақпен ұрған. Ауыр жарақат алған баланың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

Бұл оқиға туралы алдымен Талғар ауданына қарасты Космос ауылының тұрғыны әлеуметтік желіде жазған. Бүгін облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады.

 

Оқиға 11 шілдеде болған. Күдікті – 53 жастағы ер адам (бұрын анасын өлтіргені үшін сотталып, ұзақ жыл түрмеде жазасын өтеп шыққан) көрші әйелдің үйіне келіп ақша сұраған. «Жоқ» деген жауап алғаннан кейін оны пышақтап өлтіреді. Көмекке ұмтылған 9 жасар немересін де ол аяусыз пышақтай салған. Бала далаға жүгіріп шығып, көмек шақырып үлгерген.

 

«Аталған дерек бойынша Алматы облысының Полиция департаменті аса қауіпті қылмыс жасады деген күдікпен Талғар ауданының 53 жастағы тұрғынының ұсталғанын хабарлайды. Ер адам бұрын әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы арқылы 99-бабы және 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни адам өлтіру және кәмілет жасқа толмаған адамды өлтіруге оқталу. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

 

Зардап шеккен 9 жасар бала Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 947    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 18:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30