Қылмыс

Алматыда есірткі шеккен күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

  • Алматыда есірткі шеккен күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

    Алматыда есірткі шеккен күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Алматының Қарасу ықшамауданында орналасқан стационарлы полиция бекетінде жол полициясы мас жүргізуші анықтады.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


Құқық қорғау органдары «Лада» көлігінің жүргізушісінен күдіктеніп, ізіне түсті. Жүргізуші полицияның талабын орындамай,қашуға тырысты.


«Полиция қуып жүріп жүргізушіні ұстады. К. есімді жүргізушінің өзімен бірге жүргізуші куәлігі, сондай-ақ автокөлік иесі ретіндегі құжаттары жоқ еді. Сонымен қатар, куәгерлердің қатысуымен жеке іздеу барысында жүргізушіден жасыл түсті есірткілік өсімдік зат табылды. Ол сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Осы факті бойынша алдын ала тергеу Алатау аудандық полиция бөлімінде жүргізілуде.


Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлері медициналық тексеруден өту үшін жүргізушімен бірге жүрді. Зерттеудің қорытындысы бойынша, оның есірткі қолданғаны анықталды. Бұл факті бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді», - деді Алматы қаласы ІІБ Алматы полиция басқармасының жол-патрульдік полиция полкінің командирі полковник Манап Саттаров.


Stan.kz 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.03.2019, 20:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30