Қылмыс

Алматыда фирма кеңсесінен 105 миллион теңге салынған сейф ұрланды

  • https://kazlenta.kz/

    https://kazlenta.kz/

Алматыда фирмалардың бірінің кеңсесінен 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

 

– Бұл қылмыс 31 тамызға қараған түні болды.

Рысқұлов даңғылында орналасқан қалалық фирмалардың бірінің кеңсесінен белгісіз адамдар 105 миллион теңге салынған сейфті ұрлап кеткен. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Компаниялардың бейнебақылау камераларындағы деректер зерттелді: қаскөйлер беттерін мұқият жасырды. Бірақ, жедел іс-шара көрсеткендей, белгісіз қалуға тырысу нәтижесіз болды. Күдіктілердің екеуі де анықталып, қамауға алынды.

Бұл 1992 және 1993 жылдары туылған жергілікті тұрғындар. Бұған дейін олар мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Айғақты заттар, оның ішінде ұрланған ақшалар. Іс жүргізу тәртіпте олар шын иесіне қайтарылды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

 

Фирманың басшысы Виталий Ким, өз кезегінде, полиция қызметкерлеріне осы қылмыстың жедел ашылғаны үшін ризашылығын білдірді.

 




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 00:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31