Қылмыс

Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды

  • Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды

    Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды

Алматыда аталған екі қаржы ұйымының өңірлік директорларын қаржылық пирамида құрды деген күдікпен полиция тұтқындады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының мәліметтері бойынша, жедел-іздестіру жұмыстарының барысында «Гарант 24 Ломбард» және «Estate Ломбард» сияқты ұйымдардың директорлары тұтқындалды. Оларға қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған салымшыларды тартты деген күдік келтіріліп отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған қаржы ұйымдары өткен жылдың соңынан бастап әрекет ете бастаған. Олар салымшыларды өз ұйымына қаржы салған жағдайда қомақты қаржы табатындарына сендіріп, нәтижесінде бөтеннің мүлкін қылмыстық жолмен иемденіп алған. Қазіргі таңда аталған қылмысты ұйымдастырушылар ҚР ҚПК-нің 128 бабы бойынша тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осыған дейін қызылордалық полицейлердің қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғағандығы, Шығыс Қазақстан облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС салымшылары 52,5 млн теңгесінен айырылғандығы және «Гарант 24 Ломбард» ұйымының Тараз бөлімшесінің директоры ұсталғандығы жазылған болатын. 

www.inform.kz




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.02.2020, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31