Қылмыс

Алматыда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Полицейлер бұл оқиғаның Алматыда болғанын растады. Төтенше жағдайдан кассир-күзетші зардап шеккен.

"Таныс екі ер адам жұмыс уақытында жасырын түрде ішімдік ішіп жүрген. Сол күні 39 жастағы ер адам әдеттегідей жанармай құю бекетіне досына келген, содан екеуі іше бастаған. Бірде ол бекетте жұмыс істейтін досынан ақша сұраған, бірақ ол ақша беруден бас тартқан. Сол кезде ол досының мойнына пышақ салған. Салдарынан ер адам орнынан құлаған да, қаскөй одан ақша тұрған жерді көрсетуді талап еткен. Кассадан 40 000 теңге алып кетіп, оқиға орнынан жасырынған", - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.

 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.12.2019, 11:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29