Қылмыс

Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан үш жігіт пен бір қыз ұсталды

  • pxhere.com

    pxhere.com

Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz қаланың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төрт күдіктінің біреуі қыз екен. Қалада пәтер жалдап, интим қызмет көрсететін еркек-жезөкшелерге қоңырау шалып, пәтеге шақырған. Жезөкшелері пәтерге келген соң оны жабылып ұрып-соғып, мүліктерін ашық тонаған.


- Жалға алынған пәтерде "клиенттер" шақырылған қонағын ұрып-соғып олардың құнды заттарын: ақша, ұялы телефондар, зергерлік бұйымдарын тартып алған. Қарақшылар жезөкшенің аты жезөкше, олар полицияға бармайды, деп ойласа керек. Олардың қалада жасаған осындай 4 эпизоды дәлелденді. Күдіктілердің екеуі бұрын мүлікке қарсы қылмыстар үшін жауапқа тартылған. Ең жасы үлкені қыз, ол 27 жаста, қалған қатысушылар 1998, 1999 және 2000 жылы туғандар. Олар қалаға еліміздің түрлі аймақтарынан келген және қалада еш жерде жұмыс істемейді. Олар ақшаны осындай қылмыстық жолмен табуды шешкен. Қазір олардың барлығы тергеу изоляторында, ҚР ҚК 190 бабының 2-бөлігі – қарақшылық қылмысы бойынша айыпталушы ретінде сот отырысын күтуде. Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса мына телефондарға хабарласыңыз: 2564-48-70; 254-48-71 және 254-48-72, - деді Медеу ауданы Полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.






 


 




Көрілген: 846    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 18:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31