Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген 32 жастағы павлодарлық алаяқ ұсталды

01 қазан 2021, 17:05

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген 32 жастағы павлодарлық алаяқ ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

 

«1989 жылы туған С.есімді азаматша, Павлодар облысының тумасы, бұрын ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтық үшін сотталған. Ұсталған адам танымал сайтты пайдаланып пәтер жалдау туралы жалған хабарландырулар жариялады. Ол жалдау бағасын төмен қылып көрсетіп, басқа жарнамалардан алған пәтерлердің суреттерін орналастырды. Клиенттермен келіссөздер телефон арқылы жүргізілді және оларды өзінің ниеттінің тазалығына сендірді, алдын ала төлемді теңгерімге аударуды ұсынды. Жәбірленушілер ақшаны аударған кезде, алаяқ дереу жарнаманы алып тастап, ұялы телефонды өшіріп тастады», – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

 

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде бірнеше жәбірленушілер анықталды.

 

Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігіне қауіпсіздік қызметкерлері сенімді.

 

Әрине, азаматшаның бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі, бірақ әзірге ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.