Қылмыс

Алматыда ЖОО оқытушысы қызды соққыға жықты: университет түсініктеме берді

  • Алматыда ЖОО оқытушысы қызды соққыға жықты: университет түсініктеме берді

    Алматыда ЖОО оқытушысы қызды соққыға жықты: университет түсініктеме берді

Алматыдағы "Тұран" университетінің оқытушысы көшеде кетіп бара жатқан бетайныс қызды ұрып-соқты. Бұл туралы соққыға жығылған қыздың құрбысы әлеуметтік желіде жазған. Жоғарғы оқу орны оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


Қыздың құрбысының әлеуметтік желідегі жазбасына сүйенсек, оқиға 28 тамызда болған. Бойжеткенге көшеде кетіп бара жатқан шымыр денелі жігіт әй-шәй демей тап берген, салдарынан жәбірленушінің тісі сынып, көптеген жарақат алды, сондай-ақ гаджеттері сынып қалған. Ақыры соңында ер адамды оқиға куәгерлері ұстаса керек.


"Тұран" университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқытушы қазір педагог абыройына нұқсан келтіргені үшін жұмыстан шеттетілген.


"Университетте жұмыс істеп жүрген жылдар ішінде қауіпті іс-әрекетке баруы мүмкін екенін көрсететіндей мінез-құлық көрсеткен емес. Жәбірленуші тез сауығып, моральдық және психологиялық тұрғыдан өз-өзіне келеді деп үміттенеміз", - делінген университеттің ресми Instagram парақшасында.


Оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр, олар Қазақстанның заңнамасына сүйене отырып, құқықбұзушылықтың құқықтық квалификациясын анықтайды, деді ЖОО.


Сондай-ақ университет әкімшілігі ЖОО қызметкерінің әрекетін қарау үшін дисциплинарлық комиссияны шақырған екен.


"Тұран" университеті Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алматы мен Нұр-Сұлтанда филиалдары бар.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.09.2019, 21:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30