Қылмыс

Алматыда қала тұрғындарын тонаумен айналысқан 4 жігіт ұсталды

  • https://poltava.depo.ua/

    https://poltava.depo.ua/

Алматыда полиция кісі тонаумен айналысқан төрт жігіт ұсталды. Олар көшеде кетіп бара жатқан адамдарды қорқытып-үркітіп құнды заттары мен ақшасын тартып алумен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қаскөйлер қаланың орталық бөлігінде әрекет еткен. Яғни, кешкісін көшеде кетіп бара жатқан тұрғындарды қорқытып-үркітіп, жеке мүлкін тартып алатын болған.

 

Жәбірленушілер олардың үстінен полицияға арыз жазды. Осылайша жеңіл жолмен мол байлыққа кенелмек болғандар ұсталды.

 

Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетниковтың мәліметінше, тергеу амалдары кезінде олар өз істерін мойындады.

 

Бірқатар эпизод бойынша заттай айғақтар тәркіленді және ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді.

 

Айта кетейік, ұсталған төртеудің ешқайсысының да бұрын заңға қайшы әрекет жасамағаны анықталды. Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.

 

 

 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 14:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31