Қылмыс

Алматыда карантин кезінде тұрғындардан пара алғандар ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыдағы аудандық әкімдіктің екі қызметкері карантин кезінде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Алматы қаласы бойынша департамент Жетісу ауданы әкімі аппаратының екі бас маманына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар төтенше жағдайда және белгіленген карантин режимінде Жетісу ауданында орналасқан тосқауыл бекеттегі кезекшілік кезінде, тұрақты түрде Алматы қаласының тұрғындарынан қалаға кедергісіз кіріп-шығу үшін 280 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды», - деді Жапақов.

 

Бұдан бөлек ол пара алу фактісі бойынша Алматы қаласындағы Көліктік бақылау инспекциясы РММ басшысы да күлікке ілінгенін айтты.

 

«Алматы қаласы аумағында төтенше жағдай кезінде 10 жүк көлігінің кедергісіз жүруі үшін 330 мың теңге көлемінде пара алған «ҚР ИИДМ Комитетінің Алматы қаласындағы Көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысы әшкереленді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп нақтылады агенттік өкілі.

 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 16:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31