Алматыда қарсыласына пышақ сұққан ер адам видеоға түсіп қалды

31 желтоқсан 2021, 09:15

Алматы қалалық ПД мәліметінше, төбелес қаланың Түрксіб ауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Бейне бақылау камерасына түскен жазба әлеуметтік желіде жарияланды.

 

Видеода бір топ ер адамның дауласып жатқаны бейнеленген. Бір уақытта олардың бірі пышақ алып шығып, қарсыласына сұға салады.

 

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, күдікті ізін суытпай ұсталды.

 

Полицияның мәліметінше, күдікті мас болған.