Алматыда көлік ұрлаған жігітке жәбірленушінің өз ұлы тапсырыс берген

Алматыда көлік ұрлаған жігітке жәбірленушінің өз ұлы тапсырыс берген

Алматыда ұрланған көлік Шымкенттен табылды. Көлікті ұрлаған адам осылай істеуге тапсырыс бергенін айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға "Хюндай" көлігінің ұрланғаны туралы иесі хабарлаған.

 

Әйелдің айтуынша, төрт сағаттың ішінде белгісіз біреу оның "Дарабоз" шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған шетелдік көлігін ұрлап кеткен.

 

"Осы қылмысты ашу мақсатында қалалық криминалдық полиция және Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің арасынан тергеу-жедел тобы құрылды. Біз бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдаландық, оның көмегімен, ең алдымен, көлікті ұрлаған адамның қозғалу бағыты мен нөмірді ауыстыру дерегі анықталды. Күдік тудырмас үшін қаскөй ұрланған көлікке дәл сондай "Хюндай" көлігінің нөмірлерін орнатқан. Жедел іздестіру шараларының тізбегі жедел уәкілдерді Шымкент қаласына алып келді. Күдікті сол жерде ұсталды", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.

 

Алайда ұсталған адам - 2000 жылы туған К есімді азамат, жәбірленушінің ұлы шетелдік көлікті ұрлауға тапсырыс бергенін айтып, ақталған. Екеуі дос болып шықты.

 

"Біз нақты мән-жайды, қылмыстың себебін анықтаймыз. "Тапсырыс туралы" нұсқа да мұқият тексеріліп жатыр. Жастар сақтандыру төлемдерін алу үшін ұрлықты жоспарлаған болуы да мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді полковник Аханов.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста