Қылмыс

Алматыда қорғаныс істері қызметкері мен полицей алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қаласы Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен полиция басқармасының лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.


Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша және Алматы қаласы Әуезов ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы мен полиция басқармасы кезекші бөлімінің инспекторына (жергілікті әскери басқару органына іссапарға жіберілген) қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар бола отырып, олар әскери қызметін кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру сылтауымен жалпы сомасы 470 мың теңгені бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген деген күдік келтіріліп отыр. Қылмыстық іс күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені қарау үшін прокурорға жолданды.


Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31