Қылмыс

Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды

  • Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды

    Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды

Алматы облысында коронавирусқа бөлінген қаржыны жымқырғандар анықталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК директорына, сондай-ақ оның орынбасарына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар коронавирус пандемиясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген арнайы автомобиль техникасын (жедел жәрдем автомашинасын) жөндеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы жалпы сомасы 3 024 930 теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді, - дейді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 23 тамызында МКК директоры мен оның орынбасарына қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды.Тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына пара беруге арандатушылық жасады деген күдікпен Алматы қаласында көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қоюға жәрдем көрсету сылтауымен кәсіпкерден 90 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алған оңтүстік астананың тұрғынын ұстаған. Соңғысы кәсіпкерден 90 мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған кезде ұсталған. Осы жылдың 24 тамызында күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 00:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31