Қылмыс

Алматыда құпия жағдайда көз жұмған үш баланың анасының туыстары полицияға шағым айтып келді

  • Фото: КТК

    Фото: КТК

Жұмбақ өлімінің құпиясы ашылмаған Сайрангүл Лайысқызының туыстары заң орындарын әлі жағалап жүр.


Олар тергеудің тым баяу жүргеніне наразы. Үш баланың анасы өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда қаза болған, деп хабарлайды 31 арна.


Марқұмның туыстары Сайрангүлдің өліміне күйеуін кінәлаған. Бұл ол туыстары қалалық прокуратураға шағым айтып келіпті.


"Әне-міне деп әлі істі сотқа да жібеген жоқ. Сонда бұл істі жабайын деп тұр ма мына прокуратура? Негізгі заңды шығарып, сотқа жеткізіп берсе дейміз", - дейді марқұмның ағасы Назарбек Сәбенұлы.


Құпия жағдайда көз жұмған Сайрангүл Лайысқызыны ағасы мерзімі өткен тергеуден күдіктене бастаған. Қарындасының өліміне күйеуінің қатысы бар деп санайды. Себебі жуырда құдалар кешірім сұрап келіпті. Өлімнің қалай болғанын баяндап, мойындаса кешірім берем дешен шарт қойыпты.


Тергеуге көңілі толмаған туыстар енді прокуратураға жиналды.


"Сот, прокуратурадан өте әділ болуын сұраймыз. Егер әділ болмаса, іс ушыға береді. Одан да жоғарыға шағымданамыз", - деді марқұмның туысы Алмас Бекжанов.


Қылмыстық іс алдымен Алатай аудандық полиция бөілмшесінде қаралды. Кейін жәбірленушілердің талабымен іс қалалық полицияға өтті. Енді олардың да тергеуіне көңілі толмайды.


Ал, полиция тергеудің дұрыс бағытта әділ өтіп жатқанын айтады. Ал, марқұмның туыстары іс әділ өтпесе, бас прокуратураға шағымданамыз. Одан пайда болмаса, мыңдаған адам бейбіт шеруге шығамыз деп бекініп отыр.


stan.kz




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.03.2019, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30