Алматыда құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды

17 қаңтар 2022, 22:55

Алматыда құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Әуезов аудандық Полиция басқармасы хабарлағандай, 41 жастағы К.есімді азамат ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан.

 

Күдікті жауап алу кезінде бұл фактіні мойындады.

 

Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды.

 

Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

 

Ер адам қамауға алынды.