Қылмыс

Алматыда қылмыскерлер Тәжікстан азаматын ұрлап әкетіп, туыстарынан ақша талап еткен

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Зардап шегушіні ұстап отырған жерден тәртіп сақшылары травматикалық тапанша, патрондар және есірткі тапқан.

 

Алматыда ұрланған 27 жастағы Тәжікстан азаматын босату бойынша арнайы операция жүргізілді. Полицияға оның ұрланғаны туралы шағымды танысы түсірген.

 

Ер адамның айтуынша, оның ұрланғанын жұбайы бірінші білген. Адам ұрлаушылар күйеуін босату үшін әйелге хабарласып, 40 мың доллар сұраған. Әйел ақшаның бір бөлігін қылмыскерлерге беріп үлгерген.

 

«Оқиға туралы белгілі болғаннан кейін жедел тергеу тобы құрылды. Бірнеше сағат өткен соң күдіктілердің кім екені, сондай-ақ, ұрлап әкеткен адамның қайда екені белгілі болды. Операция сәтті өтіп, Тәжікстан азаматы босатылды», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

 

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Тараз қаласының үш тұрғыны ұсталды, оның екеуі бұған дейін істі болған.

 

Зардап шегушіні ұстап отырған жерден тәртіп сақшылары травматикалық тапанша, патрондар және есірткі тапқан. Сәйкес сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі («Адам ұрлау»); 126-бабы 2-бөлігі («Заңсыз бас бостандығынан айыру»); 194-бабы 2-бөлігі («Бопсалау»); 287-бабы («Заңсыз қару сақтау»); 296-бабы («Заңсыз есірткі құралдарын сақтау») бойынша бірден 5 қылмыстық іс қозғалып отыр.

 

«Күдіктілер қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп хабарлады Берік Әбілбеков.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30